Қызылордада полицейлер 76 киікті заңсыз тасымалдаған күдіктілерді оқиға орнында ұстады.

Polisia.kz хабарлауынша, 6 ақпан күні сағат 22:30 шамасында Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері “Браконьер” іс-шарасы аясында Жезқазған – Қызылорда тасжолында Toyota Hilux және Toyota land cruiser автокөліктерін тоқтатпақшы болған. ​

Алайда күдіктілер полицияның тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, бой тасалағысы келген. Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады.

Photo: Polisia.kz

Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы тексеру барысында Toyota Hilux автокөлігінен 29 бас, Toyota land cruiser автокөлігінен 47 бас киіктің ұшасын, сонымен қатар Toyota Hilux автокөлігінен 9 дана 12 калибрлі оқ дәріні анықтап, тәркіледі.​

Аталған дерек бойынша ұсталған 35 және 28 жастағы қала тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда тиісті сот сараптамалары тағайындалып, оларға қатысты бұлтартпау шарасы шешілуде.

“Браконьер” жедел-профилактикалык іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасының 2 дерегі анықталды. Бұдан бөлек 9 киік ұшасының алыну деректері бойынша да тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз