SDU университеті жыл сайын ұйымдастыратын республикалық SPT олимпиадасына тіркелу басталды. Олимпиаданың тұрақты өтіп келе жатқанына биыл 10 жыл. 

Олимпиада республика бойынша 22 орталықта өтеді. Университет гранты үшін сайысқа 2024 жылдың мектеп және колледж түлектері қатыса алады.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі 25 ақпанда онлайн өтеді. Қатысушылар бұл кезеңде онлайн 50 сұраққа жауап береді.

Ал екінші кезең 3 наурызда еліміздің барлық аймағында бір уақытта офлайн өтеді. Қатысушылар екінші кезеңде 100 сұраққа жауап беруі керек. Оның 50 сұрағы ағылшын тілінен, қалғаны қатысушының таңдаған кластеріне қатысты қойылады.

Олимпиаданың екінші кезеңінен жоғары ұпай жинаған талапкер университеттің 297 гранты мен түрлі жеңілдіктерді иелене алады.

Олимпиадаға тіркелу сілтемесі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз