Журналист Михаил Дорофеев өмірден озды

0
137

30 қаңтарда Informburo.kz ақпарат порталының бас редакторы Михаил Дорофеев қайтыс болды. Бұл туралы мақұмның өзі басқаратын ақпарат құралы хабарлады.

49 жасында өмірден өткен Дорофеев БАҚ және PR саласында ширек ғасырдан астам уақыт жұмыс істеді. Ол республикалық телеарналар мен газеттердің тілшісі болды, телехабарлар жүргізіп, бірнеше басылымды басқарды, PR-форумдарда модератор да болды. Михаил Дорофеев 2015 жылдан бері Informburo.kz ақпарат порталының бас редакторы қызметін атқарды.

Журналистің әріптестері әлеуметтік желіде қаралы пост жазып, марқұмның туыстарына көңіл айтып жатыр. Дорофеевті жақсы білетін әріптестері оны өз ісін жан-тәнімен жақсы көрген кәсіби маман ретінде суреттейді.

Қазақньюс ақпарат агенттігі ұжымы Михаил Дорофеевтің туыстары мен әріптестеріне көңіл айтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз