Құрдымдағы қатынас – серпін: Трамп пен Путин не талқылады?

0
63
Cont.ws

Ресей президенті Владимир Путин және АҚШ президенті Дональд Трамп Хельсинкиде келіссөздер жүргізді. РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, кездесу қорытындысы бойынша, президенттер екі мемлекеттің қарым-қатынасының серпінді болуына құлық танытты.

дереккөзден
Құлдыраудағы қатынас

АҚШ президенті Д. Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбаты барысында Хельсинки саммитіне дейін АҚШ пен РФ қарым-қатынасының құлдырауда тұрғандығын алға тартты.

“Бүгінгі кездесуден кейін Ресеймен арамыз жақсы болады деп сенемін”, – деген АҚШ басшысы бұл кездесуге дейін Ресеймен қатынастың нашар болғандығын алға тартып, қос держава арасында ірі мәселелердің туындағанын атап өтті.

Жақсы бастама – Путин

Өз кезегінде, РФ президенті В. Путин кездесу барысында жағдайдың бет алысының “жақсарғанын” алға тартты.

“Бұл жақсы бастама”, – деді Ресей басшысы.

Кездесу барысында тараптар өзара келіспеушілік тудырған мәселелерді талқылады.

Трамптың сөзінше, кездесу барысында ядролық қарудың таралуы, соғыс пен бейбітшілік, экономика, Сирия мен Украина жайы талқыға салынған.

Иранның ядролық мәмілесі

Сондай-ақ , Трамп Иранның ядролық мәмілесіне де қатысты пікір білдірді.

Трамптың айтуынша, Путин Иранмен ядролық мәмілені сақтап қалуға құлықты, себебі бұл Ресейге жақсы, Ресей Иранмен кәсіпкерлік байланыс жүргізуде. Ал бұл өз кезегінде АҚШ үшін, түптеп келгенде барша жаһан үшін “жақсы емес”.

“Северный поток -2”

Бірқатар сылтауларды алға тартқанымен, Трамп Германияның “Северный поток-2” жобасына қатысуға құқығы бар екенін айтты.

“Бұл олардың (Германияның-ред) таңдауы”, – деген Трамп дегенмен, бұл таңдаудың НАТО-ға мүше елдерге қиын соғатынын атап өтті.

Сирия жайы

Сирияға қатысты мәселеде АҚШ пен Ресейдің көзқарастары анау айтқандай алшақ емес.

“Менің ойымша, Сирия бойынша біз жақынбыз. Сирия мәселесі бойынша бір-бірімізден алшақпыз деп есептемеймін”, – дейді АҚШ басшысы.

Сирия мәселесіне қатысты пікір білдірген Ресей басшысы Хельсинкидегі кездесуде Сириядағы гуманитарлық жағдайдың талқыға салынғанын, сондай-ақ аталған бағытта РФ мен АҚШ әлеуетке қол жеткізетініне сенім білдірді.

“Ресейді оқшаулау ұмтылысы құрдымда”

Бұдан өзге Путин РФ мен АҚШ стратегиялық тұрақтылық бойынша тіл табысатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, Путин өз сөзінде Ресейді оқшаулауға деген ұмтылыстың құрдымға кеткендігін алға тартты.

“Байқаған боларсыздар Ресейді оқшаулауға деген ұмтылыс құрдымға кетті, олар жетістікпен аяқталмады. Оқшаулайтындай Ресей тым үлкен”, – деді Путин.

НАТО: Грузия мен Украина

Бұдан өзге Ресей басшысы НАТО-ның Грузия мен Украина арқылы кеңеюіне қарсылық танытатындарын алға тартты. Ресей президентінің пікірінше, альянс аталған мемлекеттерді қатарына қабылдамай-ақ та жұмыс жасай алады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз