Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХХІ сайлау конференциясы аяқталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына сайланды.
Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитет мүшесі және «Шахтер» футбол клубының директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын Әділет Барменқұловқа дауыс бергендердің саны – 14. Ал жалпы дауыс берушілердің саны – 26.
Дауыс беру қорытындысы:
- Әділет Барменқұлов – 14 дауыс
- Берік Қаниев – 11 дауыс
- Давид Лория – 1 дауыс
- Қайрат Оразбеков – 0 дауыс
- Ерлан Жарылқасынов – 0 дауыс