Украина делегациясы Ресеймен келіссөз жүргізуге шекараға келді

0
191
photo: ria.ru Ресей мен Украина делегациясының келіссөз кабинеті

28 ақпанда Украина делегациясы Ресей делегациясымен келіссөз жүргізу үшін Беларусь – Украина шекарасына екі тікұшақпен келді. Бұл туралы Украинская Правда сайты хабарлады.

Екі ел делегациясы арасындағы басты келісім тақырыбы тез арада атысты тоқтату және Украина аумағынан Ресей әскерін шығару болады.

Украина делегациясының құрамы: «Слуга народа» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резников, президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михайло Подоляк, Украина делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин, депутат Рүстем Умеров пен Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий.

Ресей делегациясының құрамы: Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский, Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко, Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Леонид Слуцкий және Ресейдің Беларусьтегі елшісі Борис Грызлов.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз