Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

0
268
фото: kff.kz Қазақстан Футбол Федерациясы
28 ақпанда Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына бес үміткер таласып, нәтижесінде Әділет Барменқұлов сайлауда 14 дауыс жинап, жеңіске жетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХХІ сайлау конференциясы аяқталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына сайланды.

фото: kff.kz / Әділет Барменқұлов

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитет мүшесі және «Шахтер» футбол клубының директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын Әділет Барменқұловқа дауыс бергендердің саны – 14. Ал жалпы дауыс берушілердің саны – 26.

Дауыс беру қорытындысы:

  1. Әділет Барменқұлов – 14 дауыс
  2. Берік Қаниев – 11 дауыс
  3. Давид Лория – 1 дауыс
  4. Қайрат Оразбеков – 0 дауыс
  5. Ерлан Жарылқасынов – 0 дауыс

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз