Қазақстанда 1 200 шақырымдық бәйге-марафон өтеді

0
259
photo: argymaq.kz

15-30 қыркүйек күндері аралығында көпкүндік «бәйге-марафон» өткізіледі, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қыркүйекте Шымкент қаласында есту қабілеті төмен жандар арасында республикалық спартакиада ұйымдастырылады.

1 қыркүйекте Түркістан қаласында «Тұран барысын» өткізуді жоспарланған.

“Сонымен қатар 15-30 қыркүйек аралығында көпкүндік «бәйге-марафон» өткізу көзделген. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан басталып, Қарағанды, Ұлытау облыстары арқылы өтіп, Түркістанда жалауын тігеді. Бұл марафонның жалпы қашықтығы 1 200 шақырымды құрайды. Әр облыстан 20 командадан қатысады”, – дейді Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бекболат Байжанов.

Оның атап өтуінше, бүгінде елімізде 6,5 млн адам спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл жалпы ел тұрғындарының 34,2 пайызын құрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз