Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы екі аптаға ұзартылды

0
305
фото: 24.kz сайтынан

Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы мен мектеп оқушыларының демалысы бекітілді. Бұйрыққа 12 тамызда Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Меншік нысанына және ведомствоға бағынуына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылы 2022 жылғы 1 қыркүйекте басталады.

Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныпта 35 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда 36 оқу аптасы болады.

1-11 (12) сыныптарда оқу жылындағы демалыстар:

  • күзгі – 7 күн (2022 жылдың 31 қазанынан 6 қарашасына дейін);
  • қысқы – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсанынан 2023 жылдың 8 қаңтарына дейін);
  • көктемгі – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы арасында);
  • бірінші сыныпта қосымша демалыс – 7 күн (2023 жылдың 6-12 ақпаны арасында).

Бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз