Ойын басталысымен тізгінді қолға алған қазақстандықтар бірінші таймда жауапсыз үш гол соқты(Есенаманов 3; Оразов 9; Лео 15;). Екінші таймның екінші минутында қақпашының қателігін пайдаланып төртінші голды Есенаманов соқты. Алайда, 27 минутта беларусиялық Крыкун құрамасының алғашқы голын соқты. 29 минутта Тұрсағұлов есепті 5:1-ге жеткізгенімен, көп ұзамай 30 минутта Рабыко құрамасының екінші голын соқты.
Осылайша Каканың (толық аты – Па́улу Рика́рду Фиге́йра Си́лва) жаттықтыруымен қазақстандықтар алты ұпаймен топта бірінші орында тұр.
Қазақстан бесінші топта Венгрия, Беларусия және Израиль құрамаларына қарсы ойнайды.