Футзалдан Қазақстан құрамасы Италияны 4:1 есебімен жеңіп, өз тарихында үшінші рет футзалдан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті.
Футзалдан Қазақстан құрамасы Италияны 4:1 есебімен жеңіп, өз тарихында үшінші рет футзалдан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті.
Ойынның 6-минутында қазақстандықтар есеп ашты. Біржан Оразов Дуглас Жуниордың пасынан кейін гол соқты. Үш минуттан кейін Азат Валиуллин команданың басымдығын еселеді.
13-минутта италиялықтар гол соқты, Дуглас Николоди көзге түсті.
Екінші таймда италиялықтар қазақстандықтарды қақпаға тіреп алса да Кака шәкірттері орнынан табыла білді. Оразов 30-шы минутта қарсы шабуыл барысында дубль жасап, ал 38-ші минутта Дуглас Жуниор есепті еселеді.
Осы жетістіктің арқасында Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинап, өз тобының жеңімпазы атанды. Ал Италия турнирден шығып қалды. Ширек финалда, 31 қаңтарда қазақстандықтар А квартетінің екінші командасымен ойнайды.
Еске салайық, Қазақстан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне 2016 (үшінші орын) және 2018 (төртінші орын) жылдары шыққан.