“Нұр Отанның” саяси кеңес құрамы бекітілді

0
271
Партия ғимараты.

28 қаңтарда “Нұр Отан” партиясының онлайн өткен съезінде партияның саяси кеңес құрамы бекітілді. Оған 92 адам енген. Бұл жөнінде партияның сайтындағы хабарламада айтылған.

Саяси кеңеске партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева, бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, кәсіпкер Болат Өтемұратов енбеген. Кеңес құрамына президент Тоқаев, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, парламент депутаттары Берік Әбдіғалиұлы, Нұртөре Жүсіп тағы басқа адамдар енген. Тізімде алғаш рет премьер-министр мен бірде-бір министр және әкімнің аты-жөні жоқ.

“Жалпы партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды” делінген партия хабарламасында.

28 қаңтарда “Нұр Отан” партиясының съезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланған. Ол партияның жұмысын түбегейлі өзгерту қажеттігін алға тартқан. Тоқаев съезд кезінде партия төрағасының бірінші орынбасары қызметінің (осыған дейін бұл қызметті Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек атқарған) қажетсіздігін, оның орнына жауапты хатшы қызметін бекіту тиімдірек болатынын атап өткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз