Футзалдан Қазақстан құрамасы Италияны жеңді

0
216
Қазақстан футзал құрамасы кезекті жеңістен кейін. Photo: uefa.com

Футзалдан Қазақстан құрамасы Италияны 4:1 есебімен жеңіп, өз тарихында үшінші рет футзалдан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті.

Ойынның 6-минутында қазақстандықтар есеп ашты.  Біржан Оразов Дуглас Жуниордың пасынан кейін гол соқты. Үш минуттан кейін Азат Валиуллин команданың басымдығын еселеді.

13-минутта италиялықтар гол соқты, Дуглас Николоди көзге түсті.

Екінші таймда италиялықтар қазақстандықтарды қақпаға тіреп алса да Кака шәкірттері орнынан табыла білді. Оразов 30-шы минутта қарсы шабуыл барысында дубль жасап, ал 38-ші минутта Дуглас Жуниор есепті еселеді.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Біржан Оразовтың гол соққан сәті. Photo: uefa.com

Осы жетістіктің арқасында Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинап, өз тобының жеңімпазы атанды. Ал Италия турнирден шығып қалды. Ширек финалда, 31 қаңтарда қазақстандықтар А квартетінің екінші командасымен ойнайды.

Еске салайық, Қазақстан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне 2016 (үшінші орын) және 2018 (төртінші орын) жылдары шыққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз