27 тамызда футболдан англиялық “Манчестер Юнайтед” клубының ресми сайты португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың командаға қосылғанын хабарлады.
Жақында Криштиану Роналду “Ювентустан” “Манчестер Ситиге”ауыспайтыны белгілі болды. Алайда, осы сәтте “Манчестер Юнайтед” де әрекетке көшкен. БАҚ-тың хабарлауынша, Роналдудың “МЮ” – мен келісімшарты 2023 жылға дейін талқыланған.
Еске салайық, Роналду италиялық “Ювентус” сапында бір жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 36 жастағы шабуылшы өткен маусымда 29 гол соғып, Италия біріншілігінің үздік сұрмергені атанды. Оның туриндік командамен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымында аяқталады.
“Ювентусқа” Роналду 2018 жылы ауысқан. Бұл клубта Криштиану бас аяғы 133 ойын ойнап, 101 гол соқты.
“МЮ” үшін Роналду 2003 жылдан 2009 жылға дейін өнер көрсетті. Клуб құрамында ол Англияның үш дүркін чемпионы және Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.