29 тамыз – жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

0
428

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Жамбыл облысындағы жарылыстан азаматтардың қаза табуына байланысты 29 тамыз Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

“Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 29 тамызда жалпыұлттық аза тұту жариялансын”, – делінген хабарлады.

26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыс пен өрт салдарынан 12 адам мерт болған, 98 адам зардап шеккен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз