Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар 12 адамға жетті

0
159
Жамбыл облысындағы жарылыс. Photo: Kaztag.kz

Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс пен өрт болған жерден қаза тапқан тағы үш адам табылған. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі олардың кім екені анықталып жатқанын, төтенше оқиғадан соң хабар-ошарсыз кеткен бірнеше адамды іздеп жатқанын хабарлады.

Министрлік мәліметінше, 26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада болған жарылыс пен өрт салдарынан 12 адам мерт болған.

ТЖМ баспасөз хатшысы Талғат Уәли қаза тапқандар арасында әскерилер, төтенше жағдай қызметкерлері мен әскери прокуратура өкілдері барын айтқан.

Жарылыстан 98 адам зардап шеккен, олардың арасында төтенше жағдай министрлігінің 50-ге жуық қызметкері бар деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Биліктің мәліметінше, бейсенбі күні әскери қоймада қуаты әртүрлі кемінде он жарылыс болған.

Жұма күні Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы кейбір оқ-дәрі осыдан екі жыл бұрын Арыс қаласынан әкелінгенін айтты.

Жарылыстың себебі әлі белгісіз. Министр Ермекбаев жарылысқа қоймада қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, я химиялық реакциямен өздігінен тууы немесе диверсия себеп болуы мүмкін деп топшылайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз