Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 13 адамға жетті

0
440
Photo: Vlast.kz

Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыс орнынан тағы бір адамның денесі табылды. Оның жеке деректері анықталып жатыр. Оқиғадан жалпы қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, жарылыс кезінде ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

Еске салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болып 13 адам қаза тапты, 98 адам жарақат алды.

ТЖМ қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінің бар екенін хабарлады:

Темірболатов Арнұр Серікұлы- Жамбыл облысы ТЖД “ӨСжАҚЖҚ” ММ Тараз қ. 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы;
Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;
Микропуло Александр Николаевич – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі, өрт сөндіру басшысының орынбасары.
Төребеков Тәңіберген Кұдайбергенұлы – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;
М.К.Айманов – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары;

Қазіргі уақытта үш адамның кім екені анықталып жатыр. Жоғалған үш адам іздестірілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз