Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі БАҚ-қа берген сұхбатында бокстан бұрынғы әлем чемпионы америкалық Флойд Мейвезермен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі жайлы айтты. Бұл туралы prosports.kz хабарлады.
«Флойд біздің командамен байланысқа өзі шықты. Жекпе-жек 4 мамырда Грозныйдағы 30 мың адамға арналған «Ахмат-Аренада» өтуі мүмкін. Біз Макгрегор мен Мейвезердің жекпе-жегін көрдік, Конор 3-4 раунд бойы өзін жақсы көрсете алды. Хабибтің 7-8 раунд бойы шыдайтынына сенімдімін», – деді Хабибтің әкесі.