Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.
Бір сағат 20 минутқа созылып, тартысты өрбіген бірінші партияда Рыбакина тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (13:11). Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.
Осылайша, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған Е.Рыбакина А.Соболенкодан Аустралия ашық чемпионатының финалында кеткен есені қайтарды.
Сондай-ақ Елена Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтерілді.