5 маусым күні Қазақстан мұсылмандары үшін Ораза айт мейрамы басталды. Мұсылман айтізбесі бойынша Шәууәл айының алғашқы күні. Нұр – Сұлтан қаласының тұрғындары таңғы сағат 7: 00 де Әзірет Сұлтан мешітінде Ораза айт намазын оқыды.
Тарихи мәліметтерге сүйенсек Ораза айт мейрамы 624 жылдан бері аталып келеді.
Таң атысымен Әзірет Сұлтан мешітіне жиналған Елорда тұрғындарының санында есеп жоқ. Айт намазында мешітке сыймаған халық үшін мешіт ауласында арнайы төсеніштер төселді.
Айт намазынан кейін мешіт аумағында ұлттық ойын түрлерінен (арқан тарту, асық ату, қол күрес, кір тасын көтеруден) жарыстар ұйымдастырылды. Жүлделі орын алған спортшылар арнайы мақтау қағазы және сыйлықтармен марапатталды.
Серікбай қажы ОРАЗ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Қадірлі отандастар, құрметті бауырлар!
Баршаңызды күллі мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі – ораза айтпен құттықтаймын. Әр отбасына бақ пен береке, бірлік пен игілік тілеймін. Алла Тағала отыз күн тұтқан оразамызды, жасаған құлшылық-ғибадатымызды, берген садақымызды, барша игі ималымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай!
Қала тұрғындарының мерекелік құттықтаулары:
Сәдібек Тоқпан зейнеткер:
Отыз күн оразадан кейін айт намазына жиналып отырмыз. Бұл үлкен мейрам еліміз үшін. Қазақстандықтарды мейрам күнімен құттықтаймын. Келешекте тәуелсіздік еліміз жақсылықта, қуанышта болсын. Алла Тағала келе жатқан президенттік сайлау күні жақсы президенттіміз сайланып бақытты күн кешуге жазсын. Бұйырса 3 күн бойы айт мерекесінде туған- туыстарды аралап, немелеріме, балаларыма барып айттап шығамын.
Мадхав үнді азаматы:
Мен Индияданмын. Қазақстанда Әбу- Даби плазада жұмыс жасаймын. Шүкір рамазан айын аяқтап, айт мерекесіне жеттік. Бұл мемлекет маған қатты ұнайды әсіресе Нұр -Сұлтан қаласы. Барша мұсылмандарды мейрам күнімен құттықтаймын.