Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

0
252
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда Ораза айт мейрамы басталды

5 маусым күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

“Құрметті отандастар! Барша мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының аяқталуы – күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке. Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді. Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді. Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қасиеттер.  Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!  Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін! Ораза айт құтты болсын!”, – деді мемлекет басшысы құттықтауында.

Кеше, ҚМДБ Қазақстанда Ораза айт мерекесі 5 маусым күні басталатынын ресми түрде хабарлаған болатын. Биыл Рамазан айы 6 мамыр күні басталған. Шариғат бойынша, бұл айда мұсылмандар 30 күн ораза тұтып, ауыз бекітті.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз