Тал отырғызу да сауапты амал

0
548

5 маусым күні “Байтақ болашақ” Республикалық экоалъянсының ұйымдастыруымен  Нұр-Сұлтан қаласында  экологтар күніне орай талшыбық отырғызу акциясы өтті.

Шараның мақсаты: қаланы көгалдандырып , елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына әсер ету, халықты табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға септігін тигізу.

Акцияға депутаттар , Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданы әкімдігінің өкілдері , ҚазАТУ, ҚазҰТБ және ЕҰУ университеттері экология факультетінің студенттері, балалар үйінің тәрбиеленушілері, қала тұрғындары мен еріктілер қатысты.

Экоалъянс “Байтақ болашақ” қоғамдық бірлестігінің президенті Азаматхан Әміртаев:

“Нұр-Сұлтан қаласында осы жылы мөлшермен мың ағаш отырғыздық. Бүгін міне “48-мектепте” балалармен бірге мектеп ауласында тал отырғызу акциясын өткізіп жатырмыз. Бұл күздегі бесінші акциямыз. Әрқайсымыз табиғатты қорғай аламыз, әрбір Қазақстандық бір талдан отырғызса және бұл жыл сайын үрдіске айналса Қазақстанды жасылдандырушы едік. Біз көктем мен күзде Қазақстанның әр өңірінде өткіземіз. Айт мерекесі қарсаңында  тал отырғызу сауапты және өнегелі іс. Сондықтан бұл идеяны мәдениетімізге айналдыруымыз керек.”

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз