Ақтөбе облысында төтенше жағдай тоқтатылады

0
205
Көрнекі сурет.

16 қаңтар таңертеңнен бастап Ақтөбе облысындағы төтенше жағдай тоқтатылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні осындай жарлыққа қол қойған.

“”Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 738 Жарлығымен енгізілген Ақтөбе облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 16 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын”, – делінген Ақорда сайты таратқан ақпаратта.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз