Екі ұлттық компанияның басқарма төрағалары қызметтен кетті

0
438
Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов.

15 қаңтарда “Самұрық-Қазына” қорының баспасөз қызметі QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев пен “ҚазТрансОйл” компаниясының басқарма төрағасы Димаш Досановтың қызметтен кеткенін хабарлады.  

Қайрат Шәріпбаевты ақпарат құралдары бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі деп атайды. Димаш Досанов – Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның күйеуі.

“Самұрық-Қазына” қорының сайтында екеуінің де 14 қаңтарда түсірілген “өтінішке орай” директорлар кеңесінің шешімімен қызметінен босатылғаны жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз