“Қазақстан халқына” қоры құрылды

0
413
"Қазақстан халқына" қоры қызметкерлері.

15 қаңтарда “Қазақстан халқына” қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды. Үкімет сайтындағы ақпаратқа қарағанда, қор денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолдау саласындағы нақты проблемаларды шешумен айналысатын болады.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар басында болған оқиғалардан кейін “Қазақстан халқына” деген арнайы әлеуметтік қор құрылатынын, оған кәсіпорындар “қомақты және жүйелі түрде жарна” салатынын мәлімдеген еді.

“Бірінші президент – “елбасы” тұсында өте табысты компаниялар мен халықаралық деңгейдегі бай адамдардың тобы пайда болды. Халыққа тиесілі халыққа беретін, жүйелі түрде көмектесетін уақыт келді. Үкімет компанияларды анықтап, олармен “Қазақстан халқына” қорына аударатын салымдарын анықтауы тиіс” деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтардағы мәжіліс отырысында.

Қор мынадай міндеттерді орындайды:

  • денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету;
  • төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимін енгізу кезінде зардап шеккен Қазақстан халқына көмек көрсету;
  • халықтың жағдайы төмен тобына жататын мұқтаж балалар мен балалар үшін спорт инфрақұрылымының дамуын және қолжетімді болуын арттыруға жәрдемдесу;
  • Қазақстан Республикасының аумақ тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау.

Қорды бұрынғы қаржы министрі Болат Жәмішев басқарады

Белгілі қаржыгер, экономист Болат Жәмішев ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған “Қазақстан халқына” қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы болып сайланды.

Болат Жәмішев.

64 жастағы Болат Жәмішев – 2020 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің төрағасы.

Бұған дейін “Қазақстанның даму банкі”АҚ басқарма төрағасы болған.

Әр жылы қаржы министрі, өңірлік даму министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басшысы болды.

Сенбі таңертең премьер-министр Әлихан Смайылов және үкімет кеңсесінің қызметкерлері бір күндік жалақыларын аталған қорға аударғаны туралы ақпарат шықты.

Бизнес-қоғамдастық өкілдері мен жанашыр азаматтар “Қазақстан халқына” қорының шотына қаражат аудара алады: “Қазақстан халқына” қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, “Қазақстан халық банкі” АҚ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз