Тоқаев қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауды тапсырды

0
404
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. 10 шілде. Үкіметтің кеңейтілген отырысы. Photo: Facebook/BerikUali

15 қаңтарда Ақордада өкілетті органдар басшыларының кеңесі өтіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылым өкілдеріне қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауды тапсырды.

Ақорда мәліметінше, президент Тоқаев  Қазақстанда, соның ішінде Алматыда болған қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу мәселесіне, қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауға, қиын-қыстау кездерде күштік құрылымдардың іс-қимылдарын үйлестірудің жаңа нормативтік базасын әзірлеуге баса мән берген.

“Лаңкестікке қарсы операциялар мен тергеу шараларын жүргізу барысында азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеу маңызды”, – деді президент.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына Арнаулы операциялар күштерін жасақтау жұмыстарын жеделдетуді және ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру жөнінде нақты ұсыныс беруді тапсырды.

Жиынға Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің бірінші  басшылары,  сондай-ақ Президент әкімшілігі басшылығы мен Қауіпсіздік кеңесінің аппараты қатысқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз