Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды

0
107
әлеуметтік желіден

Каспий теңізінің тартылуына байланысты жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Kazaknews.kz.

«Бұл шешім “МАЭК” ЖШС жұмысына әсер етпейді, тұрғындарды электрмен және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады», – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Ұлысмедиа агенттігінің хабарлауынша экология министрі Зүлфия Сүлейменова Каспий теңізінің тартылуына байланысты түсініктеме берген.

«Біріншіден, өзендер ағынының төмендеуі. Каспий – жабық су қоймасы. Өзендер тұрақты түрде құйып тұрмаса, ондағы су деңгейі төмендей береді, өйткені оның қорек көзі болуы керек. Біз Каспийге құятын өзендердің жағдайын көріп отырмыз. Кез келген өзгеріс әсер етеді», – дейді министр.

Бұдан бөлек министрдің айтуынша бұл жағдайға антропогендік және климаттық факторлар да әсер еткен. Сонымен бірге мәселені министрлік, Каспий маңы елдерімен бірге талқылап жатырғанын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз