Тоқаев Көлгіновті орнынан алды

0
123

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Көлгінов бұл қызметті 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарды.

Алтай Көлгінов жуырда журналистерге мынандай жауап қатқан:

“Сіз мемлекеттік қызметшіні қоғам алдында айыптап тұрсыз. Бұл үшін  жауап бересіз. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты осындай шабуылдар бар. Бұл тапсырыспен жасалған. Мен әкім ретінде адал жұмыс істедім”, –  деді Көлгінов.

Ал Көлгіновтың орнына Тамара Дүйсенова тағайындалды.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз