Қазақстанда алдағы үш күнде күн күркіреп, жаңбыр жауады деп күтілуде

0
145
Жаңбыр. Photo: BBC

Қазгидромет болжамы бойынша Қазақстанда 9-11 шілдеде күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен елдің барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады. Яғни найзағай ойнап, жел күшейеді және бұршақ жаууы мүмкін. Ал, еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Ауа температурасы:

  • Күндіз батыста +30+38°С, оңтүстік-батыста + 30+41°с, солтүстік-батыста + 22+33°С
  • Солтүстікте, орталықта +22+30°С,
  • Шығыста ауа температурасы + 17+25°С-тан +23+31°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +20+29°С-тан +23+32°С-қа дейін жоғарылауы болжанады
  • Елдің оңтүстігінде ауа температурасы +27+35°С күтіледі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз