Биыл жаңа тұрғын үйлердің бағасы 19,5 пайызға өскен

0
107
photo: gov.kz

2021 жылдың маусым айынан бастап биылғы жылдың маусым айына дейінгі статистика бойынша қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 26,8 пайызға, жаңа тұрғын үйлердің бағасы 19,5 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлер бойынша жылдық мәнде баға Нұр-Сұлтан қаласында едәуір өскен (27,9%). Қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсімі – Қызылорда қаласында (46,7%), тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Алматы қаласында байқалған (48,3%).

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

1 шаршы

метрінің бағасы, теңге1)

2022 жылғы маусым Анықтама: 2022 жылғы мамыр
2021 жылғы маусым 2021 жылғы желтоқсан 2022 жылғы мамыр 2021 жылғы  мамыр 2022 жылғы  сәуір
Жаңа тұрғын үйлерді сату 423 7052) 19,5% 11,9% 1,1% 19,3% 1,7%
Пәтерлерді қайта сату 465 515 26,8%                      17% 0,4% 27,9% 1%
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 3 567 21% 10,6% -1,1% 22,8% 1,3%

1) 2022 жылғы 20 маусымдағы жағдай бойынша

2) Бастапқы, таза әрленген пәтерлердің жалпы ауданының бір шаршы метрінің республика бойынша орташа бағасы.

Ұлттық статистика бюросында баға индекстері облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылған. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналып, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескерілген. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналған. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз