Ресейдің Байқоңыр үшін төлейтін 115 млн доллары қайда жұмсалады?

0
238
Байқоңыр ғарыш айлағы. Photo: kazcosmos.gov.kz

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Уәде» бағдарламасына берген сұхбаты барысында, Байқоңырды жалға алғаны үшін Ресей төлейтін 115 млн доллар қайда жұмсалатыны туралы сұраққа жауап берді.

«Бұл қаржы біріншіден республикалық бюжетке түседі. Халықтың сұранысына қарай кейінгі 4-5 жылда қаражат, Байқоңыр қаласын дамытуға бөлініп жатыр. Ол жерде, канализация әбден ескірген, соны жаңартуға жоба жасалды. Құны 12 миллиард теңге. Соған биыл 1 миллиард теңге қаражат бөлінді. Алдағы екі жылдың ішінде бұл жобаны аяқтап, қаланы толық жаңа канализация жүйесімен жаңартатын боламыз. Ол жерде газ мәселесі шешілген. Осыдан 4-5 жыл бұрын қазақы мектеп салынып, пайдалануға берілді. Аурухана да салынып пайдалануға берілді. Ол аурухана облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарайды. Ал, білім Қармақшы ауданына қарайды», – деді облыс әкімі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз