Қазақстанда ажырасу азайды

0
62
Сурет: astana.gov.kz

Қазақстан халқының 60 пайызын заңды некеде тұрған ерлі-зайыптылар құрайды. Ал ажырасқандардың үлесі небәрі 6% шамасында, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық санақ барысында ажырасып, кейін-қайта үйленген адамдардың саны да есепке алынған. Олар халықтың 9 пайызын құрайды. Қоғамда бойдақтардың үлесі де басым. 2021 жылғы санақ бойынша сұр бойдақтардың саны 28 пайызға жеткен.

Неке бұзу көрсеткіші бойынша Астана мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Былтыр ел бойынша 44 517 ажырасу дерегі тіркелген. Мамандар бұл кейінгі 5 жыл көлемінде ең төмен көрсеткіш екенін алға тартуда.

«Жас мөлшері туралы айтатын болсақ, 30-34 жас аралығындағы жұптар жиірек ажырасады. Олардың жалпы ажырасқандардың арасындағы үлесі – 25,5%. Ал ажырасатындардың көпшілігі 5 жылға дейін некелескендердің арасында тіркелді. Олардың үлесі – 29,2%», – дейді Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы Жазира Маратқызы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз