Енді Қазақстан құрамасында EURO2024 турниріне өтуге соңғы мүмкіндік қалды

0
89

2024 жылы болатын Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің, оның ішінде топтық кезеңнің соңғы шешуші ойынында футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словнияға 2-1 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша Еуро 2024 турниріне тікелей жолдама алатын мүмкіндіктен айырылып қалдық. Дегенмен, Қазақстанда тағы бір мүмкіндік бар.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңін бірінші орынмен аяқтаған болатын. Сондықтан келесі жылы өз тобының үздіктері Грузия, Грекия, Люксембург және Қазақстан құрамалары плей-офф ойындарында жолығады. Қазақстан мен Грекия жұбы, Грузия мен Люксембург жұбының жеңімпазы финалда кездеседі. Финалда жеңіске жеткен құрама Еуро 2024 турниріне жолдама алады. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз