Көліктерге газ орнатуға шектеу қою не қадағалау мәселесін ойластырып жатырмыз – вице министр

0
61

Қазақстанда көліктерді газ балонымен жабдықтаумен айналысатын компанияларға лицензия алу міндетті болуы ықтимал. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда көлікке газ балоннын орнатуға тыйым жоқ. Кез келген адам көлігіне орната алады. Бүгінде көлікті газға ауыстыруға шектеу қою не қадағалау мәселесі қарастырылып жатыр.  

«100 пайыз шектеу болмайды. Бірақ, газ жабдықтарының қайдан келгені, сапасы, қай жерде орнатылғаны тексеріледі. Қазіргі уақытта газ балонын орнататын компаниялардың лицензиясы мүлдем жоқ. Мүмкін, лицензиялық қызмет жасайтын шығармыз. Соны ойластырып жатырмыз», – Ә.Жамауов деді.

Ол сонымен қатар, 300 мыңнан астам көлік газ балонымен жабдықталғанын және газ балонды көлікке кез келген гаражда орнатып жатқанын атап өтті. Ал, бұл өте қауіпті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз