15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда 3 нүктеде мерекелік салют болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Мерекелік отшашу сәрсенбіде сағат 21:00-де қаланың үш нүктесінен басталады:
- Ботаникалық бақтың аумағы;
- Атырау көпірінің солтүстігіндегі Есіл өзенінің сол жағалауы;
- Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағы, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы.
Отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.