Алматы – Абу-Даби бағытындағы жаңа халықаралық әуе рейсі ашылады

0
177
"Wizz Air" әуе компаниясының ұшағы. Photo: Biletik.aero

17 желтоқсанда “Wizz Air Abu Dhabi” әуе компаниясының Алматы – Абу-Даби бағытындағы жаңа халықаралық рейсінің ашылу рәсімі өтеді. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес аптасына 2 рейс, сейсенбі және жұма күндері А320NEO әуе кемесімен орындалады.

“Wizz Air Abu Dhabi” әуе компаниясының Абу-Даби – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсін 2022 жылдың қаңтар айына ашу жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз