Нұр-Сұлтанда тәуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашу іске қосылады

0
281

15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда 3 нүктеде мерекелік салют болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Мерекелік отшашу сәрсенбіде сағат 21:00-де қаланың үш нүктесінен басталады:

  • Ботаникалық бақтың аумағы;
  • Атырау көпірінің солтүстігіндегі Есіл өзенінің сол жағалауы;
  • Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағы, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы.

Отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз