Түркістан облысы Жетісай ауданында білім бөлімінің есепшілері 530 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. 

Облыс прокуратурасы “Жетісай ауданының білім бөлімі” ММ бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

“Бұл мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын-ала сөз байласып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет қаржысын аса ірі мөлшерде жымқырғаны анықталды. 530 млн теңге залал келтірілген”, – делінген ведомство хабарламасында.

Үш күдікті сот санкциясымен екі айға қамалды.

Жемқорлық жайлаған білім саласының бір жылы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз