Аргентина билігі футболдан ұлттық құрамасының елге оралуына байланысты азаматтар чемпиондармен кездесуі үшін 20 желтоқсанды демалыс деп жариялады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Спорт Шредингера телеграм арнасына сілтеме жасап.
Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы 20 желтоқсанда Буэнос-Айреске барды. Команда мыңдаған жанкүйердің алдына чемпиондық шеруге үсті ашық автобуспен шықты.
Айта кетейік, 18 желтоқсанда Катарда өткен футболдан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы Францияны пенальти сериясында ұтып, әлем чемпионы атанды.
Бұған дейін Катарда өткен футбол матчының нәтижесіне байланысты тағы бір елде демалыс жарияланған еді. Бұл оқиға Сауд Арабияның Аргентинаны чемпионаттың бірінші турында 2-1 есебімен ұтқаннан кейін болды. Сауд Арабия королі Салман ибн Абдул-Азиз Аль Сауд 23 қараша сәрсенбі күнін бүкіл мемлекеттік және жеке сектордағы барлық қызметкерлер үшін, сондай-ақ оқудың барлық кезеңдеріндегі студенттер үшін демалыс күні болады деп жариялады.