Словакияда Қазақстанның алғашқы Құрметті консулдығы ашылды

0
132
фото: gov.kz

Словакияның Банска-Быстрице қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімге қатысушыларға арнаған сөзінде ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенко Құрметті консулдықтың ашылуы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Қазақстан мен Словакия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына (1 қаңтар 1993 ж.) орайластырылғанын атап өтті. 

ҚР-дың жаңа Құрметті консулы Т. Лебоцки қазақстандық тараптың оған көрсеткен жоғары сенімі үшін ризашылығын білдіріп, сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі нығайтуға, екі елдің бизнес топтары өкілдерінің арасындағы іскерлік байланыстарды арттыруға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға белсенді қатысуға дайын екендігін сендірді. 

Ашылу салтанаты аясында «Ayalagan Alaqan» қоғамдық қайырымдылық қорының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі қазақстандық балалардың «Әлем балалар көзімен» сурет көрмесі, сондай-ақ «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтарына Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті туралы кітаптар сыйға тартылды. 

фото: gov.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз