Астанада бірінші Орталық Азия Медиа форумы басталды

0
185
фото: baq.kz/chursinovartem

20-21 желтоқсанда Астанада бірінші Орталық Азия медиафорумы өтеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Екі күн ішінде танымал сарапшылар медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды және осы саладағы өз бақылаулары мен үздік тәжірибелерімен бөліседі. Өңірде алғаш рет өңірлік бірегейлікті өлшеу, жаңа медианы дамыту, индустриядағы жасанды интеллект технологиясы, Орталық Азиядағы креативті индустриялардың болашағы, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өңірлік және жаһандық кооперация мүмкіндіктері, пост-ақиқат дәуіріндегі жалған жаңалықтар, медиа сауаттылық мәселелері және әйелдердің БАҚ-тағы рөлі талқыланады.

Іс-шараға 100-ден астам спикерлер қатысады. Бұл әлемге әйгілі Пулитцер сыйлығының лауреаттары, әлемдік саясаткерлер, халықаралық және жергілікті журналистер, халықаралық ұйымдардың басшылары және беделді медиа сарапшылар.

“Бейбітшілік” және оның әлемдегі рөлі тақырыбында Ауғанстандағы соғысты 1 күнге тоқтатқан және белгілі қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергенмен бірлесіп БҰҰ Бас Ассамблеясында бейбітшілік күнін бекіткен peace One day жаһандық жобасының негізін қалаушы Джереми Гилли сөз сөйлейді.

Форумның тақырыптары Голливуд актері және аты аңызға айналған боксшы Рой Джонс, New York Times бестселлерлерінің төрт дүркін авторы, “Eagle Huntress” кітабының авторы Лиз Уэлш және 18 миллиардтан астам dBillions қаралымы бар әлемдегі ең танымал YouTube жобасы.

Форумда Түркияның 11-ші президенті Абдулла Гүл, Моңғолияның 3-ші президенті Намбарын Энхбаяр, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйінбек Қасмамбетов, жетекші халықаралық ұйымдардың (ОТГ, ИЫҰ, АӨСШК, ТҮРКСОЙ, ТүркПА, БҰҰ және т.б.) басшылары және Орталық Азия өңірінің бұқаралық медиа басшылары өз тәжірибелерімен бөліседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз