20 қаңтар күні Испания астанасы Мадрид қаласындағы 8 этажды ғимаратта жарылыс болды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Қала әкімі Хосе Луис Мартинес Алмейданың сөзінше, оқиғаның басты себебі – газдың жарылуы. Жарылыс қуаты қатты болғаны сонша, 8 қабатты ғимараттың 5 қабатын қиратқан. Бұдан бөлек ғимараттың жанында тұрған көліктер де зардап шеккен. Жарылыстан кем дегенде 2 адам қаза тапқан, 6 адам жарақат алған.
“Қазақстанның Мадридтегі консулы жергілікті билікпен байланысын үзбеуде. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталуда.”- деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
más imágenes desde el edificio de al lado de la explosión en puerta de toledo, madrid pic.twitter.com/D1bJvI0iHx
— césarr,,❃ (@valleejooo_) January 20, 2021