Қазақстандық UFC-дегі дебютінде Хабибтің інісінен жеңілді

0
166

Қазақстандық Сергей Морозов (16-5) UFC ережесіз жекпе-жек шоуында Хабиб Нурмагомедовтің (29-0) інісі Умар Нурмагомедовтен (13-0) жеңілді.

Абу-Дабиде (БАӘ) өткен “жеңіл салмақ” категориясындағы жарыста 25 жастағы Умар 3 раундтық жекпе-жектің екінші раундында “Қылқындыру әдісімен” жеңіске жетті. Бұл 31 жастағы Сергейдің кәсіби ережесіз жекпе-жектегі бесінші жеңілісі (16-5). Айта кетейік, бұл салмақтағы чемпион ресейлік Петр Ян (15-1).

Петр Ян: «У меня всегда единственный план на бой – выходить и драться» | UFC

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Умардың ағасы әрі жаттықтырушысы ретінде келген Хабиб Нурмагомедов (29-0) қарсыласына жеке келіп қолдау көрсетті.

Екі қарсылас арасындағы жекпе-жек мерзімі бірнеше рет ауыстырылды. Алғашында 2020 жылдың соңына жоспарланған бұл жекпе-жек Умардың денсаулығына байланысты кейінге шегерілді. Одан кейін 23 қаңтардағы UFC 257-ге жоспарланғанымен тағы да 20 қаңтарға ауыстырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз