Тоқаев Ресей елшісіне орден тақты

0
171
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин. Photo: akorda.kz

21 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі Ресей елшісі Алексей Бородавкинге 2-ші дәрежелі “Достық” орденін тақты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

– Сіз халықаралық қатынастар мәселелері бойынша білікті маман ретінде дипломатиялық орталарда танымалсыз. Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі ретінде мемлекеттеріміз арасындағы достықтың тұрақты болуына, мәңгілік сипат алуына зор күш салып келесіз. Сіздің атқарған үлкен әрі ауқымды жұмысыңыз үшін ризашылық білдіреміз.  Сонымен қатар сіз жақында ғана жеке өміріңіздегі елеулі мерейтойлық датаны атап өттіңіз. Бұл – керемет мерейтой. Аталған марапат та осы айтулы оқиғаға орай беріліп отыр, – деді президент.

Алексей Бородавкин Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қатынастар мен интеграциялық байланыстарды дамытуға және нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз