Қырғызстан: Жапаровтың инаугурациясы 28 қаңтарда өтеді

0
102
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров.

Қырғызстандағы президент сайлауында жеңіске жеткен Садыр Жапаровтың инаугурациясы 28 қаңтарда өтеді. Бұл туралы Қырғызстан президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.

Елдің орталық сайлау комиссиясы жақында кезектен тыс президент сайлауында Садыр Жапаровтың жеңгенін мәлімдеген. Дауыс беру нәтижесі бойынша, оған 1 миллион 105 мың 248 сайлаушы дауыс берген. Бұл 10 қаңтарда дауыс берген сайлаушылардың 79,2 пайызы.

ОСК қаулысына сәйкес, енді Садыр Жапаровқа президент ретінде тағайындалғаны туралы арнайы куәлік беріп, төсбелгі мен штандарт табыстайды.

Заңнама бойынша, ОСК сайлау нәтижесін сайлау өткеннен кейін – 20 күн ішінде, кезектен тыс сайлау жағдайында 15 күн ішінде жариялауы тиіс. 20 қаңтарда таңертең орталық сайлау комиссиясы Оштағы үш сайлау учаскесінде дауысты қайта санау туралы шешім шығарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз