Мадридте жарылыс. Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма?

0
217

20 қаңтар күні Испания астанасы Мадрид қаласындағы 8 этажды ғимаратта жарылыс болды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қала әкімі Хосе Луис Мартинес Алмейданың сөзінше, оқиғаның басты себебі – газдың жарылуы. Жарылыс қуаты қатты болғаны сонша, 8 қабатты ғимараттың 5 қабатын қиратқан. Бұдан бөлек ғимараттың жанында тұрған көліктер де зардап шеккен. Жарылыстан кем дегенде 2 адам қаза тапқан, 6 адам жарақат алған.  

“Қазақстанның Мадридтегі консулы жергілікті билікпен байланысын үзбеуде. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы анықталуда.”- деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз