Сенатта көлік жүргізушілеріне қатысты заң жобасы мақұлданды

0
296

21 қаңтарда парламенттің жоғары палатасы қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу куәлігінсіз көлік жүргізу құқығын көздейтін заң жобасын мақұлдады.

Заңға президент қол қойса қазақстандық жүргізушілер тек жеке куәлігімен көлік жүргізе алады. Полицейлер керек мәліметті планшеті арқылы электронды базадан тексере алады.

Алайда бұл норманың шетелдіктерге қатысы жоқ. Олар барлық құжатын өзімен алып жүруі тиіс.

“Заң жобасында Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу куәлігін өзімен бірге ала жүруді талап ететін норманы қолданыстағы заңнамадан алып тастау көзделіп отыр. Яғни автокөлік иесін полиция тоқтатқан кезде ол жеке куәлігін ұсынып, полиция қызметкері жеке куәлікпен планшет арқылы электрондық базадан оның қажетті құжаттары бойынша тексеру жүргізе алады”, – деді депутат Нұрлан Бекназаров Сенаттың жалпы отырысында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз