Джо Байден “Библияны” ұстап президент ретінде ант берді

0
149
WASHINGTON, DC - JANUARY 20: Joe Biden is sworn in as U.S. President during his inauguration on the West Front of the U.S. Capitol on January 20, 2021 in Washington, DC. During today's inauguration ceremony Joe Biden becomes the 46th president of the United States. (Photo by Alex Wong/Getty Images)

АҚШ президенті болып сайланған Джо Байден мен сайланған вице-президент Камала Харрис 20 қаңтарда Вашингтондағы Капитолий сарайының алдында өткен салтанатты жиында ант беріп, қызметке кірісті.

3 қарашадағы сайлауда Байден сайлаушылар алқасының 306 дауысын, Дональд Трамп 232 дауысын алған. Кейін Трамп сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, сотқа шағым түсірген. Сот оның 50 арызын қанағаттандырмай тастады.

78 жастағы Джо Байден – АҚШ тарихындағы мемлекет басшысы қызметіне келген ең қарт адам. Ал Камала Харрис – АҚШ вице-президенті қызметіне кіріскен алғашқы әйел.

АҚШ- тың 46-президенті Джо Байден екінші дүниежүзілік соғыс кезінде орта таптан шыққан католик әулетінде дүниеге келген. Ант беру рәсіміне ол өз әулетінде 1893 жылдан бері сақталып келген “Библияны” алып келген. Бұған дейін ол сенатор және вице-президент қызметтеріне кіріскенде де осы діни кітапты ұстап ант берген.

Дональд Трамп инаугурация рәсіміне қатысқан жоқ. Билікті тапсыру рәсіміне вице-президент Майк Пенс және Конгрестегі Республикалық партия атынан сайланған басқа өкілдер қатысты. АҚШ-тың бұрынғы президенттерінен рәсімге кіші Джордж Буш, Билл Клинтон және Барак Обама қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз