Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 17 адам қайтыс болды

0
182

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 15 және пневмониядан 2 адам қайтыс болды. Елде жалпы коронавирустан 2446 адам, пневмониядан 547 адам өлді.Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

21 қаңтар таңертеңгі ақпаратта 1180 адам вирус жұқтырып, 1124 адам індеттен айыққан. Жазылып шыққандардың саны 156 521 адамға, ал вирус жұқтырғандардың саны 172 412 адамға жетті.

Жалпы 25 088 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 11 643 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 6 737 адам стационарда, ал 18 351 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 298 адамның жағдайы ауыр, 57 адамның жағдайы өте ауыр және 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз