Министр: мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі

0
119
Photo: education.illinois.edu

Осы жылдың қыркүйегінде бағдарламалау негіздері пәні 1-сыныптан бастап енгізіледі. Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты.

Пәнді енгізу “Цифрлық Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

«Бағдарламалау негіздері пәнін 1-сыныптан бастап енгіземіз. Алматы қаласында екінші “Әлем” және АХҚО базасында QWASAR бағдарламалау мектептерін ашамыз. Цифрлық сауатты 80 пайызға жеткіземіз”, – деді Жұмағалиев.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның барлық мектептері компьютермен жабдықталып үлгерген. Ал 2020 жылы кең жолақты интернетке 880 ауыл қосылады. Қазір мектептердің 93 пайызы интернет желісіне қосылған.

“Цифрлық “Жібек жолы” бағытының негізгі міндеті – халықты сапалы интернетпен қамту. Қазір 117 қала мен 250-ден астам халқы бар 3 324 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылған. Өткен 2 жыл ішінде 481 ауыл кең жолақты интернетке қосылды. Бұл жоба алдағы жылдары да жалғасады”, – деді министр.

Жұмағалиев дерегінше, халықтың цифрлық сауатының деңгейі 79 пайыздан асып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз